BANNER

Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

instagram.com/zhankoshturarov

Желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады. Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Письма президенту" телеграм арнасында кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады.

Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.