Өткен жылы Қарағанды облысында 122 мың тоннадан астам ет, 434 мың тонна сүт, 694 млн дана жұмыртқа өндірілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі 487,2 млрд теңгені құрады.
Өткен жылдың қорытындысы және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы Қарағанды облысының әкіміне ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин айтып берді.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауының 14-і Қарағанды облысында өндіріледі. Жеті түрі бойынша аймақ өзін толық қамтамасыз етеді. Бұл бірінші сұрыпты бидай ұны және нан, картоп, сиыр еті, макарон, жұмыртқа, сәбіз. Қалған жетеуі бойынша қамтамасыз ету 5,6-дан 53,4%-ға дейін құрайды. Бұл құс еті, қырыққабат, айран, пастерленген сүт, сүзбе, май, пияз. Қарақұмық, күріш, қант, тұз, өсімдік майы облыстан тыс жерлерде сатып алынады.
Мал шаруашылығы және АӨК
2023 жылы мал шаруашылығында өсім байқалды. Ірі қара мал басы 1,8%-ға артып, 486,4 мың басты, жылқы 11,1%-ға – 352,2 мың басты, қой мен ешкі 3,6%-ға – 764,9 мың басты, шошқа 9%-ға – 75,1 мың басты құрайды.
Дәнді дақылдардың көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 73,3 мың гектарға ұлғайып, 1000 гектардан асты.
Суармалы жерлердің ауданы 91 мың гектардан асады, оның 71 мың гектары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің иелігінде.
Сақтау инфрақұрылымы және инвестициялық жобалар
Өңірде жалпы көлемі 303 720 тонна болатын 136 көкөніс қоймасы, оның ішінде 112 картоп қоймасы, 22 көкөніс қоймасы және 2 жеміс қоймасы бар.
Жеміс-көкөніс өнімдерін ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз ету үшін сақтау инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы жалпы көлемі 25,2 мың тонна картоп қоймаларын салу бойынша үш инвестициялық жоба іске асырылды.
Агроөнеркәсіптік сектордың машина-трактор паркі де жаңартылуда. 2023 жылы облыс аграрийлері 931 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Азық-түлік тауарларын өндіру
Балық және балық өнімдерін, сары майды, кондитерлік және макарон өнімдерін.
Агроөнеркәсіптік кешен саласына 26,2 млрд теңгеге инвестиция тартылды.
Өткен жылы 193 жұмыс орны құрылып, 28 жоба іске асырылды. Өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарына 22,6 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Халықтың табысын арттыру
Ауыл халқының табысын арттыру жобасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері мен жеке қосалқы шаруашылықтардың меншік иелеріне 3,4 млрд теңгеге 456 шағын несие берілді. 580-ге жуық жұмыс орны құрылды.
АӨК дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша облыста 1504 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 766 тұрақты және 738 маусымдық. Бұдан басқа, "Ауыл аманаты" ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде 639 жаңа жұмыс орны құрылды.
2024 жылға арналған жоспарлар
Биылғы жылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін және оның экспорттық әлеуетін ұлғайту жоспарлануда. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемін 544,4 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға жоғары.
2024 жылы 361 жұмыс орнын құра отырып, 43,6 млрд теңгеге 27 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
"Ауыл аманаты" ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба жалғастырылатын болады. 7 млрд теңге сомасында қаражат қарастырылған. 880 шағын несие беру жоспарлануда, бұл ауылдық жерлерде 932-ден астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.