Бородулиха ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында екі пәтерлі 17 тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның 229-ы жетім, 47-сі көп балалы аналарға берілмек.
Бородулиха, Новопокровка және Михайличенко ауылдарында жалпы ауданы 2,9 мың шаршы метр үй салынады. Сонымен қатар, Михайличенко ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін екі пәтерлі екі тұрғын үй салынуда. Нысан биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Бородулиха ауданында тұрғын үйге мұқтаж 487 адам есепте тұрса, оның 229-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 47-сі «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар» сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған 10 отбасы, бірінші және екінші топтағы 22 мүгедек, 84 толық емес отбасы, 79 мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, сайланбалы мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдар және жалғыз баспанасы қауіпті деп танылған 10 қазақстандық бар.