Жыл басынан бері 660 адам жемқорлыққа қатысты істі болған. Оның 104-і басшы қызметін атқарған. Әшкереленгендер арасында кімдер бар?
Антикор мәліметінше, биыл 5 айдың қорытындысы бойынша елімізде жемқорлыққа қатысты 947 қылмыс тіркеліп, 660 адам әшкереленген.
Оның 104-і – әртүрлі деңгейдегі басшы: 13 республикалық және 45 облыстық буынның басшысы.
Әшкереленгендердің арасында:
• бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов
• ТЖ жөніндегі бұрынғы бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев бар.
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұрынғы вице-министрі;
- Экология министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы;
"Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы; - "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК экс-директоры;
- Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
- Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің бастығы;
- Шымкент қаласының – тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
- Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Ұлытау" ұлттық табиғи паркі директорының міндетін атқарушы;
- Ұлытау облысы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы және басқалар.
Әшкереленген 660 адамның 384-і - шенеунік (лауазымды адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар - еск.).
Өңірлер бойынша Астанада 45, Шымкентте 34, Алматыда 24, Алматы облысында 30 және Түркістан облысында 29 лауазымды адам ұсталған.