Өткен сенбіде Қарағандыда биылғы жылғы бірінші облыстық «Ауыл береке-2024» ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, онда 130 тонна өнім сатылды.
Жәрмеңке Global City сауда орталығының аумағында өтті. Жәрмеңкеге жеті ауылдық округтен, сондай-ақ облыстағы және Қарағандыдағы өңдеуші кәсіпорындардан ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қатысты. Қала тұрғындары 52 тонна ет, 32 тонна картоп, 10 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімдері, 8 тонна балық және балық өнімдерін, 175 мың дана жұмыртқа және 10 тонна басқа да өнімдерді төмен бағада сатып алды.