BANNER

Бүгін – Еңбек күні

Сурет: pixabay.com

Бүгін, 29 қыркүйек – Қазақстанда Еңбек күні, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі. 

Бұл мереке елде жұмысшылардың еңбегін бағалау, еңбек дәстүрлерін дәріптеу және еңбек адамдарына құрмет көрсету мақсатында енгізілген.

Еңбек күні 2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісінде тойланатын болып бекітілді.

Бұл мереке еңбек адамының маңызын арттыру, олардың еңбектерін жоғары бағалау және жастар арасында еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында өткізіледі.

Сондай-ақ, елімізде еңбек адамының беделін арттыру мақсатында «Еңбек ардагері» медалі мен «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары ерекшелік белгісі бекітілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.