BANNER

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды

Сурет: Қарағанды облысы ТЖД

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Өзбекстан азаматының денесінің 87 пайызын күйік шалған еді. Олар 29 қаңтар күні олар ішке 27 литрлік газ баллонын кіргізген. Суықтан бірден ыстық жерге қойылған баллон жарылған. Салдарынан 2 қабатты үй ортасынан опырылып, төменде тұратын ерлі-зайыптылар қаза тапты.

Жарылыс салдарынан он екі отбасы баспанасыз қалған болатын. Комиссия опырылған үй тұруға жарамсыз деп шешім шығарды. Жергілікті билік тұрғындарды пәтермен қамту мәселесін шешеді.