BANNER

Қарағандыда 10 мамырда облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтынан

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын 10 мамырда өтетін облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне шақырады. Сауда сағат 09:00 басталады.

Жәрмеңке Global City СОО аумағында өтеді (134-ші есептік орам, 921-құрылыс).

Онда облыстың ауыл шаруашылығы, ет-сүт өнімдерін, сондай-ақ еліміздің оңтүстік өңірлерінен жаңа піскен көкөністерді сатып алуға болады.