Италияның Линьяно-Саббьядоро қаласында паражүзуден әлемдік серияның кезеңі өтті. Ұлттық құраманың құрамында бес қарағандылық өнер көрсетті.
Нәтижелері орасан зор – Азияның екі және Қазақстанның төрт рекордтары орнатылды.
"Біздің аты аңызға айналған Наталья Звягинцева баттерфляймен 50 метр қашықтықта Қазақстан рекордын орнатты. Роман Потапов 100 және 200 м арқамен және 50 м еркін стильде жүзіп, еліміздің үш жоғары жетістігін жаңартты.
Ал Диас Кенжебек пен Андрей Афанасьев 50 м қашықтықта және 200 м брасспен Азия рекордтарын орнатты", – деп хабарлады Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Аталып өткендей, әлем чемпионатында үш спортшы – Наталья Звягинцева, Роман Потапов және Андрей Афанасьев өнер көрсетті.