BANNER

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына түсу ережесінде не өзгерді

Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2025–2026 оқу жылына құжаттар қабылдау жалғасуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Академияның Қарағанды филиалының директоры Серікжан Байбосынов жаңа ережелер мен бағдарламалар туралы айтып берді.

– Өтінімдер Admission ақпараттық жүйесі арқылы 25 маусымға дейін қабылданады. Биыл Академия 12 бағдарлама ұсынады (тоғыз магистратура үшін және үш докторантура үшін). Магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінді, – деп хабарлады Серікжан Байбосынов.

Жаңа МDPA магистрлік бағдарламасын іске қосу – цифрлық даму саласындағы мамандарға арналған цифрлық мемлекеттік басқару. Үміткерлердің бейінді білімі және кем дегенде үш жылдық мемлекеттік қызмет өтілі болуы қажет.

Бұдан басқа, магистратураға түсушілерге арналған өтілге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді негізгі талап – мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл (бұрын екі жыл болатын), ал «МРА – Мемлекеттік басқару» және «МРР – Мемлекеттік саясат» бағдарламалары үшін тиісінше бес және төрт жыл.

– Ақылы негізде үміткердің мемлекеттік секторда жұмыс өтілі болуы тиіс, – деп нақтылады Академияның облыстық филиалының басшысы. – Мемлекеттік қызметшілерге алғаш рет ақылы оқуға жолдамасыз – өз бастамаларымен түсуге рұқсат етілгенін атап өткім келеді.

Ақылы негізге ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдері де үміткер бола алады. Бұл ретте Академия қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтеді – оқу ақысын жұмыс беруші де төлей алады.

Серікжан Байбосынов Академия сапалы іріктеуге сүйенетінін атап өтті. Үміткерлерді екі кезеңдік процесс күтіп тұр: алдымен - онлайн-эссе (28 маусымнан 1 шілдеге дейін), содан кейін – Академияда офлайн-әңгімелесу (8-23 шілде). Докторантураға түсушілер зерттеу жұмысының жоспарын (Research proposal) қосымша ұсынады.

Маңызды шарт – мемлекеттік тілді В1 деңгейден төмен емес деңгейде меңгеру, бұл Академияның өзі әзірлеген QAZAQ RESMI TEST тестімен расталады. MPA (Мемлекеттік басқару), MIR (Халықаралық қатынастар) бағдарламаларына және докторантура бағдарламаларына ағылшын тілі бойынша халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL IBT немесе TOEFL ITP, TOEIC) қажет.

– Бізде БАӘ, Финляндия және АҚШ университеттерімен қос диплом бағдарламасы жұмыс істейді. Оқыту және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша Қытаймен, сондай-ақ Сингапурмен тығыз байланыстар орнатылды. Академия басқару саласындағы кәсіби мамандарды даярлайтын халықаралық тұғырнамаға айналуда, – деп атап өтті Серікжан Байбосынов.

Оқуға түсудің толық ережелері apa.kz сайтында, сондай-ақ Академияның ресми аккаунттарында орналастырылған. Қабылдау комиссиясынан немесе Қарағанды облысы бойынша филиалдан (Қарағанды, Можайский көшесі, 13а) кеңес алуға болады.