BANNER

Күдіктілер Шерзаттың ағасын да өлтірмек болған. Талғардағы оқиғаның тың деректері жарияланды

Открытый источник

Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасының адвокаттары әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, тергеу барысы қалай жүріп жатқаны, нендей жаңалықтар бар екені туралы айтып берді.

Адвокат Марал Жайлаубаева марқұм Шерхаттың ағасы Нұрқанатқа трагедия түні жасалған шабуылды тергеу барысын айтып берді.

“Сондай-ақ трагедия түні күдіктілер Нұрқанатқа дене жарақаттарын келтіріп, 3-4 рет жамбасы мен төсіне пышақ ұрған. Аталған әрекеттер адамды өмірінен айыруға тікелей бағытталған нақты ниетпен жасалған деп есептейміз. Осыған байланысты аталған дерек бойынша біз “өлдіруге оқталу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап өтініш хат түсірдік. Қазіргі таңда ол қарастырылып жатыр. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен күдіктілердің орталарында беттестірулеп өткізіліп, қазіргі уақытта тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен танысудамыз” деді ол.