BANNER

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

Pixaboy

2024 жылдың наурызында қазақстандықтар 14 күн демалады.

Осы айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз - демалыс, ал 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) қазақстандықтар бес күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз -жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.