Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрлардан жүк көлігінің жолдың опырылып кеткен тұсына жартылай түскенін байқауға болады. Бұл туралы Life09 ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, жол-құрылыс жұмыстары кезінде жылу торабы маңында жол жабыны опырылған. Шансиман көлігінің 37 жастағы жүргізушісі сол аумақтан өтіп бара жатып, шұңқырға жартылай түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Ойыққа айналған аумақ қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары қабылданды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр.
Семейде жүк көлігі "асфальт астына" түсіп кетті

Stan.kz