BANNER

Теміртау қаласының мектебі республикалық экологиялық конкурста жеңіске жетті

Қарағанды облысының әкімдігі

Теміртау қаласының № 16 жалпы білім беретін мектебі "Табиғатқа қолайлы ұйым" номинациясында бірінші орынды иеленді. "Экологиялық білім берудің үздік ұйымы" ұлттық конкурсын жыл сайын Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі өткізеді. 

Жеңімпаз мектептің оқушылары ағаш өсіреді, Калифорния құрттарын өсіреді, экологиялық акциялар мен сабақтар өткізеді мектебінде тұрақты негізде бірден бірнеше экологиялық жоба жұмыс істейді. 

Онда макулатура жинайды, пластикті қайта өңдеуге тапсырады және тамақ қалдықтарынан топыраққа органикалық тыңайтқыш жасайды.

– Органикалық тыңайтқышты біз вермифермада өсіретін Калифорния құрттары шығарады. Ол құрттар өмір сүретін бірнеше қораптан құралған. Балалар оларға банан қабығын, алма кесектерін, кофе сығындыларын, срндай-ақ қағаз сүлгілерді де әкеледі. Мұның бәрін біздің құрттарымыз өте жақсы көреді және керемет өңдейді, – деді жеңімпаз мектептің экология пәнінің мұғалімі және эковолонтер Елена Варганова.

Алынған тыңайтқыш мектеп аумағында орналасқан жылыжайда қолданылады. Онда балалар үйден әкелінген көшеттерден құлпынай, бұрыш, қызанақ және басқа да көкөністер өсіреді. Сондай-ақ, мектеп ауласында өсетін ағаштарға тыңайтқыш қажет. Олардың 80-нен астам түрі бар, соның ішінде қарағай, сібір және көк шыршалар, жас балқарағай, боз арша, жүзім және т. б.

– Біздің мектепте бағбан жоқ, өсімдіктерді суару мен күтумен мектеп қызметкерлері айналыспайды. Мұның бәрі балалардың күшімен жасалады. Бізде белсенділер тобы бар – шамамен 30 адам. Балалар күн сайын өсімдіктерге күтім жасайды, экологиялық акциялар, сабақтар өткізеді, – дейді Елена Варганова.

Оның айтуынша, байқауда жеңіске жету -  атқарылған жұмыстарды бағалау ғана емес, сонымен бірге оны екі есе жігермен жалғастыру міндеттемесі.

Елена Варганова мен оның шәкірттері еріктілер мен мұғалімдерге арналған білім беру экобокстарын құру бойынша жаңа жоба жоспарлап отыр, онда судың сапасын тексеруден және сүзгілерді орнатудан бастап ағаштарды кесуге және тұқымнан көшет өсіруге дейінгі әртүрлі тақырыптар туралы ақпарат болады.