BANNER

Тимур мен Динара Құлыбаевтар «Altyn Bank» иесі атанды

Фото: orda.kz

Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Тимур мен Динара Құлыбаевтарға «Altyn Bank» АҚ ірі қатысушы мәртебесін алуға рұқсат берді,-деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Orda.kz сілтеме жасап.

Қаулы 7 маусымда қабылданған. Бірақ ресми түрде қазір ғана жарияланды. Құлыбаевтар жанұясы ALMEX Holding Group компаниясы арқылы Altyn Bank-те (жанама) банк холдингі мәртебесін алуға рұқсат алды.

Алайда банктің баспасөз қызметі бұл рұқсат акционерлер құрамын өзгерту дегенді білдірмейтінін түсіндірді.

«2024 жылғы 7 маусымда агенттік басқармасы «ALMEX Holding Group» акционерлік қоғамы Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа және «Altyn Bank» АҚ (СБ China Citic Bank Corporation Limited) ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді. «Halyk Bank» АҚ-ның негізгі қатысушысы -  Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы. Осылайша, барлық заң талаптары орындалды. Бұл келісім «Altyn Bank» АҚ акционерлерінің құрамын өзгертпейді» деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, заңнамаға сәйкес банктің ірі (жанама) қатысушысы мәртебесі бар тұлғалар бұл мәртебеге қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат алуы тиіс екені айтылды.

«Altyn Bank» АҚ акционерлерінің қазіргі құрамы келесідей болып қалды:

China CITIC Bank Corporation Ltd. – 50,1%Halyk Bank – 40%China Shuangwei Investment Co., Ltd –  9,9%

Осылайша, рұқсат алғанымен Altyn Bank-тің меншік құрылымы мен бақылауы өзгерген жоқ.