BANNER

АҚШ президенттері: Камала Харрис Трамптан озып тұр

Фото: Getty Images

Камала Харрис Джо Байден сайлаудан шыққаннан кейін болған алғашқы ұлттық сауалнамада Дональд Трампты басып озды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Харристің жаңадан бастаған науқаны Байден кеткеннен кейін 36 сағат ішінде 100 миллион доллар (77 миллион фунт) жинады.

Reuters/Ipsos жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, Харриске сайлаушылардың 44%-ы, ал Трампқа 42%-ы дауыс беруге дайын. 

Еске сала кетейік, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис демократиялық партиядан президенттікке үміткер болу жарысында алда келе жатқанын жазған болатынбыз.