Түркияның Измир аймағындағы Селчук ауданында бір үйдің бес баласы өрттен қайтыс болды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігіOrda.kz-ке сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, үйдегі электр пешінен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Үйде қараусыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі балалар болған. Олар түтінге тұншығып көз жұмды.
5 баланың 27 жастағы анасы ескі заттарды сату үшін базарға кетіпті. Ал балалардың әкесі бірнеше жыл бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталып кеткен. Балалардың анасы қамауға алынды.
Бұл жантүршігерлік оқиға Түркияны дүр сілкінтті. Парламент депутаттары әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған бағдарламаны қайта қарау керектігін мәлімдеді.