BANNER

Алматы облысында бір жарым жасар баланы тоқ ұрып, мерт болды

Фото: www.istockphoto.com

Оқиға Алматы облысы Шырғанақ ауылында болған. Бір жарым жасар сәбиін алып, ата-анасы серуенге шыққан. Қыдырып жүргенде нәресте жерде жатқан сымды көріп, қолын созған. Баланы тоқ соғып, сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Аikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер "Еуразия" бірінші арнасына ауылда жұмысшылар жұмыс істеп жатқанын, олар үзілген сымды сол жерде қалдырғанын айтты.

Тергеу "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

317-баптың 3 бөлігінде абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер болса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп ҚР Қылмыстық Кодексiнде көрсетілген.