BANNER

Қазақстандық тағы бір әнші қытайлық тыңдарманды тамсандырды

Сурет: instagram.com/yertayn

Көптеген халықаралық ән байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова бұл жолы Қытай халқын тамсандырды, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі El.kz-ке сілтеме жасап.

Бойжеткен отандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің ізімен қытайлық «Singer» жобасына қатысты.

Ән байқауының 8-кезеңінде жерлесіміз «All By Myself» әнін шырқады. Алайда қазылар шешімімен ол келесі кезеңге өте алмай қалды.

Сөйтет тұра Қытайдың Weibo әлеуметтік желісінде жерлесіміздің талантына тамсанғандар көп. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңде өнер көрсетуге лайық әнші деп бағалауда.