«Top Pro Cinema» орталығының басшысы Александр Аксютиц үкімет отырысында отандық кино өнерінің жетістіктері жөнінде айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Аксютицтің сөзінше, отандық фильмдер саны 2023 жылы 65-тен 2024 жылы 107-ге дейін көбейген. Олардың жалпы табысы 22 млрд теңге. Кинотеатрларда ең көп ақша тапқан үздік 20 кинотуындының 70 пайызы отандық фильмдер.
Осының арқасында салаға инвесторлар келіп жатыр. Конкурстарға ашықтық бұған мұрындық болды, – дейді ол.
Аксютицтің сөзінше, жылына Қазақстанда жүздеген жаңа сериал түсіріледі. Қазақстанның туындылары қазіргі таңда Оңтүстік Корея, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады. Отандық сериалдар әлеуметтік желілерде миллиондап қаралым жинайды. “Хабар” агенттігінің 30-ға тарта сериалын сатқан.
Десе де, салада проблемалар да жоқ емес. Аксютицтің сөзінше, елдегі сұраныс үлкен болғанымен, оны қанағаттандыру қиынға айналған. Сценарист, продюссер, оператор, гримерлерге дейін жетіспейді. “Индустрияны қолдауды сұраймыз” дейді ол.
Бектенов өз тарапынан индустрияға қолдау болатынын мәлім етті. Оның айтуынша, салада үлкен әлеует бар.