BANNER

Дауыс беру көрсеткіші бойынша Қарағанды облысы алда

-

Орталық сайлау комиссиясы сағат 10:05-те сайлаушылардың келу нәтижелерін жариялады. Қазақстан бойынша тізімге енген халықтың 23,37%-ы дауыс берді. Қарағанды облысында – сайлаушылардың 32,27%.

Өңірдегі ҚР Президентінің сайлауы 642 сайлау учаскесінде өтуде. 770 мыңға жуық сайлаушы тіркелген.