Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті. Балалар Төраға Си Цзиньпин бастаған ҚХР делегациясына ілтипат білдіріп, қытай тілінде ән шырқады.