BANNER

Александр Бублик Париж олимпиадасындағы жеңілісінің себебін түсіндірді

Сурет: olympic.kz

Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздіктің себебін айтты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді. Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан жеңіске жете алмағаным үшін кешірім сұраймын. Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес», - деді Бублик.