BANNER

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы жастар арасында өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде

Сурет: ҚБФ баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындығын аяқтауға жақын, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Екі құрам да қазіргі таңда Алматы облысында жаттығып жатыр. Спортшылар дайындықтың соңғы аптасына кірісіп кетті, одан соң әлем чемпионатына аттанады.

Жуық арада бапкерлер штабы әлем біріншілігіне қатысатын спортшылардың есімін жарияламақ.

Айта кетелік, ӘЧ 23 қазан мен 3 қараша күндері Будвада (Черногория) өтеді.