BANNER

Еуро-2024: Ширек финалға өткен барлық құрама белгілі болды

Сурет: t.me/qazsporttv

Ширек финалдың соңғы екі жолдамасын Румыния мен Нидерланд, Аустрия мен Түркия құрамалары сарапқа салды. Рональд Куман шәкірттері румындарға еш мүмкіндік қалдырмады. Румынияны 0:3 есебімен сан соқтырып, келесі кезеңге өтті. Ал, түріктер болса Аустрия құрамасынан 1:2 есебімен басым түсті.

Еуропа чемпионатының ширек финалдық жұптары

Испания – Германия.

Португалия – Франция.

Нидерланд – Түркия.

Англия – Швейцария.

Алғашқы ширек финалдық кездесулер 5 шілдеде өтеді. Испания мен Германия құрамалары Астана уақытымен сағат 21:00-де кездеседі. Ал, 00:00-де Португалия мен Франция ойнайды.

Келесі күні Англия – Швейцария (21:00) және Нидерланд – Түркия (00:00) құрамалары өзара кім мықтыны анықтайды.