BANNER

Париж Олимпиадасына іріктеу: Бүгін үш отандасымыз рингке шығады

Сурет: Қазақстан бокс федерациясы

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық үш боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Ел құрамасынан рингке бірінші болып Наталья Богданова (66 келі) жекпе-жекке шығады.

Ол алғашқы жекпе-жегінде сағат 11:45-те сербиялық Кристина Кулуховамен шеберлік байқасады.

Ал, 16:45–те Римма Волосенко (60 келі) үндістандық Анкушита Бороенмен кездеседі.

Ол бұдан бұрын германиялық Фелиситас Мария Ганглбайерден басым түскен еді.

Ал, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) италиялық Джанлуилджи Малангамен рингке шығады.

Бұған дейін Мұхаммедсабыр екі жекпе-жегінде филиппиндік Кристиан Питт Лорентті, түркиялық Мизан Айколды тізе бүктірді.

Сондай-ақ, лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жектерінде Назым Қызайбай (50 келі), Валентина Хальзова (75 келі) жеңіске жетті.

Ал, Ұлжан Сәрсенбек (54 келі) АҚШ спортшысы Шэра Мэй Патрициоға есе жіберді.