«Ұлттар лигасы»: Қазақстан құрамасы Холландқа қарсы ойнайды

Сурет: kff.kz

Франция астанасы Парижде футболдан «Ұлттар лигасының» 2024/25 жылғы маусымға арналған жеребесі тартылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы В лигасында үшінші топқа түсті. Бұл топта Австрия, Норвегия және Словения құрамалары бар.

Айта кетелік, өткен маусымда Қазақстан командасы С лигасында ойнап, өз тобында бірінші орын алған болатын. Отандық футболшылар Әзірбайжан, Словакия және Беларусьті ұтқанын естеріңізге саламыз.

«Ұлттар лигасының» ережесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алса, «А» тобына жолдама алады. Егер соңғы орында қалса, қайтадан «С» тобына төмендейді. Ал, орташа нәтиже «В» тобында қалуға мүмкіндік береді.