BANNER

Черчесовтың Қазақстан құрамасынан кетуі үшін төленетін өтемақы сомасы белгілі болды

Сурет: Karp Inside

Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені үшін алатын өтемақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі «Инсайды от Карпа» телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

«Черчесовтың Қазақстан құрамасынан кеткені үшін өтемақысы 500 мың еуроны құрайды. Оның жылдық жалақысы – 1,2 миллион еуро. Яғни, бапкерге бес айлық еңбекақысы төленеді. Егер ол осы циклдің соңына дейін (қысқа дейін) жұмысын жалғастырса, келісімшарт ұзартылуы мүмкін еді. Алайда Саламычтың нәтижелері мұндай мүмкіндік бермеді», – деп хабарлады ресейлік телеграм-арна.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен ресми түрде босатылды. Келісімшарт екі тараптың өзара келісімімен тоқтатылды. Черчесовпен бірге оның жаттықтырушылар штабы да жұмыстан кетті.