BANNER

Ел қоржынына тағы 2 алтын медаль түсті

Сурет: pixabay.com

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының мүшелері Ермек Құралбай мен Алмат Ләтіпбек аударыспақтан топ жарды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Отандастарымыз 60 келі және 70 келі салмақта өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақша күрестен Айжан Жылқыбаева жеңімпаз атанған болатын. Ал ерлер арасында Бекжан Төлепов 55 келі салмақ дәрежесіндегі финалда қырғызстандық К. Оболбековтен басым түсіп, екінші алтынға қол жеткізді.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 89 елден 2430 спортшы мен жаттықтырушы келді. Сондай-ақ, Қазақстанға 100 мың турист келеді деп жоспарланып отыр.

Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.