BANNER

143 622 теңге: Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?

Фото: BAQ.KZ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қанша екенін жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 44,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне 337,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 706,7 миллиард теңге жұмсалған.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде зейнеткерлер саны 2 миллион 465 мың адамды құрайды.

"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге", – делінген хабарламада.