Президент 3 жасар атыраулық балаға алғысын білдірді, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Qazaqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.
3 жастағы Дінмұхаммед Жұмажанның Ораза айт мерекесінен кейін шашылған қоқыстарды жинаған бейнежазбасы көпшілікті сүйсіндірген еді.
Осыдан соң облыс әкімі Серік Шәпкенов бүлдіршінмен арнайы кездесіп, Мемлекет басшысының арнайы Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, естелікке велосипед сыйға тартып, ата-анасына да алғысын жеткізді.