BANNER

Ақмола облысында Павлодардың балалар футбол командасы апатқа ұшырап, жаттықтырушы қаза тапты

Фото: Kaztag

18 сәуірде Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолында салонында 16 жасөспірім мен олардың жаттықтырушысы бар шағын автобус жол апатына ұшырады. Жаттықтырушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облыстың полиция департаментінің мәліметінше, автобус Mercedes көлігіне соқтығысқан. 

"Көлік жүргізушісі жүк көлігін басып озу кезінде оның аударылып кетуіне себеп болған. Шағын автобуста 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала мен бір жаттықтырушы болған. Апат салдарынан жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада. 

Жасөспірімдер Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан. Балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сапарды ұйымдастырған жекеменшік спорт мектебінің басшылығы полицияға хабар бермеген, сондықтан патрульдік қызмет көрсетілмеген. Бұл оқиғаға байланысты тергеу басталды.