BANNER

Ақтөбе, Алматы, Атырауда ауа ластанады

Фото: unsplash.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады,- деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі.

18 маусымда Ақтөбе, Алматы, түнде Атырау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.