BANNER

Антикор УЕФА мен ФИФА қазақ футболына қанша қаржы бөлгенін айтты

© Sputnik / Владислав Воднев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі соңғы алты жылдың ішінде отандық футболды дамытуға УЕФА, ФИФА мен букмекерлік компаниялар бөлген қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Life09 ақпараттық агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, 2018-2023 жылдары УЕФА мен ФИФА желісі бойынша шамамен 31 млрд теңге түсті.

"Бұл қаражатты бөлу және жұмсау жөніндегі ақпарат қолжетімсіз болып тұр", - деді Бигайдаров бүгінгі брифингте.

Бюджет қаражаты да инфрақұрылымды құрудың орнына легионерлерді ұстауға, шетелдік алымдарға, артық төлемдерге, қымбат агенттік және өзге де қызметтерді сатып алуға жұмсалған.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша агенттік туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді", - деп түйіндеді Бигайдаров.