Астанада саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды полицейлер тауып, ұстады, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі Stan.kz сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде көлік ішінен түсірілген видео пайда болған еді. Оқиға орын алған кезде көлік ішінде жолаушы екі ер адам болған.
Алдында отырған ер адам саңырау әрі мылқау такси жүргізушісіне дөрекі сөйлей бастаған.
Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.
"Такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Астана полициясы.