BANNER

Атырау облысында Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды

Фото: ІІМ

13 мамыр күні сағат 18.20 шамасында Атырау облысында Құрсай каналынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі azh.kz-ке сілтеме жасап.

 

Су бетінде қалқыған денені жергілікті тұрғындар тауып алып, құтқарушыларға хабар берген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мәйітті полицияға тапсырды.

Жылыой аудандық полиция бөлімі 8 күн бұрын жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады.

Марқұмның денесінде жарақаттың белгілері жоқ. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.