Белгілі әнші Ақбота Сейітмағамбет КешYou тобынан қалай кеткенін еске алды. Динара Сәтжанның шоуында қонақ болған әнші тұрмысқа шығу үшін айыппұл төлегенін айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар.
Тұрмысқа шығамын деп... бір жағынан балалық болды ма, шалалық болды ма, адам болған бастан түрлі жағдай өтеді. Қалған бес жылыма өтеу ретінде айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді", - дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.