Арқа жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында Қарағандыдағы «Достық» үйінде «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал тағылымы» республикалық тақырыптық күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бірлік арқылы жеңіске» атты іс-шараны атап өтті.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі ұйымдастырған бұл шараға Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, азаматтық қоғам институттары, ғалымдар, сарапшылар, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қоғамда бейбітшілік, бірлік және келісім құндылықтары туралы түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ ақсақалдардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі арқылы қазақстандық қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайту.
Тақырыптық күн аясында «Қазақстан халқы бейбітшілік пен бірлікте өмір сүруде» атты дәріс өтті. Дәрісті ақсақалдар, қоғам қайраткерлері және сарапшылар жүргізді. Олар бейбітшілік, бірлік және этносаралық келісім мәселелері бойынша баяндамалар жасап, талдамалық материалдар ұсынды.
Дәріс барысында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары, бағыттары мен тетіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этностар бірлігін нығайтудағы 30 жылдық рөлі, сондай-ақ қазақстандық қоғам үшін «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ Қазақстанда бейбітшілік пен келісім мәдениетінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи алғышарттарға, ұлттық мәдениеттер мен тілдерді сақтау және дамытуға бағытталған мемлекеттік шараларға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық қызметінің нәтижелері мен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесіне айрықша назар аударылды.
Талқылаудың маңызды бөлігі – елдегі бірлікті сақтаудағы жастардың бастамалары мен қоғамдық жобалардың ықпалына арналды.
Дәріс интерактивті пікірталаспен, сұрақ-жауап сессиясымен және этносаралық келісімді нығайтудағы табысты тәжірибелерді талқылаумен толықтырылды.
Жәлел ШАЛҚАР