BANNER

Бишімбаев: "Егер мен бұрынғы министр емес, қарапайым азамат болсам, өтірік айыптаулар болмас еді..."

Фото: Jogargy_sot

Ол бұрынғы емес, қазіргі іске қатысты сотталып жатқанын айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Құрметті алқабилер, өздеріңізден шындыққа қол жеткізулеріңізді сұраймын, егер бұл жерде экс-министр емес, қарапайым азамат болса, сонша жалған айыптаулар бола ма еді? Менің тағдырым мен өмірім енді сіздерге байланысты. Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-тан көріп отырғаныңыздың бәрі маған қарсы жасалған. Сотта да қорғаушы Вранчев менің бұрынғы лауазымдарыма өшпенділік тудыруға тырысты. Бірақ бұл іске олардың қатысы жоқ. Құрметті алқабилер, сіз менің соңғы үмітімсіз. Бұрын кім болғаным, қандай қызмет атқарғаным маңызды емес. Мен әділ және бейтарап сотқа лайықпын. Мен кінәлімін, бірақ қасақана кісі өлтіргенім үшін емес.", – дейді сотталушы Қуандық Бишімбаев.