Бүгін Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сот жарыссөзінде Қуандық Бишімбаев марқұмның туыстарынан кешірім сұрап, "бір кездері өзі де қызынан айырылғанын" айтты, деп хабарлайды LIFE09 ақпараттық агенттігі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Мен кешірім күтпеймін... Бірақ жәбірленушілер тарапынан – Салтанаттың ағасынан, ата-анасынан кешірім сұраймын. Сіздерге қалай түсіндірсем екен, менің өмірім... енді ол... Мен де бір кездері қызымнан айырылдым. Жиырма үште болған кезімде менің екі жасар қызым бар еді, ауырып қайтыс болды. Мұны бұл жағдаймен салыстыруға келмейтінін түсінемін. Өмірімде ешкімді қасақана өлтіргім келмеген. Бірақ тағдырым солай болды, сондықтан мен барлығынан кешірім сұраймын. Иә, бәрінен сұраймын. Ренжітіп алған адамдардың барлығынан кешірім сұраймын. Бүкіл ел қарап отырғанын, әлем қарап отырғанын түсінемін. Менің әрекетім барлығының сезіміне селкеу түсірді", - деді Бишімбаев.