BANNER

Бишімбаевтың адвокаты судья Құлбаеваның шешіміне қарсы болды

Фото: ашық дереккөз

Сотталған экс-министрдің қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаеваның жеке шешіміне қарсы апелляциялық шағым түсіріп, 28 мамырда ол бойынша шығатын шешімді күтіп отыр, деп хабарлайды LIFE09 ақпаратық агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

Адвокаттың айтуынша, бүгін судьяның 15 сәуірде шығарған жеке қаулысына шағымы қаралып жатыр. Бұған сотты құрметтемеушіліктің бірнеше рет қайталануы себеп болды.

 

Еске салайық, Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында адвокат Ғазымжанов судья Құлбаеваның әрекетіне екі рет қарсылық білдірген болатын.

«Сіз айыпталушының ашық сөйлеуіне мүмкіндік бермей, қорғауға тосқауыл қоясыз. Біз мұны біржақты процесс деп санаймыз. Біздің соттың барлығы бір Бишімбаевқа қарсы», – деп айтқан болатын қорғаушы. 

Ғазымжановтың өзі қаулының мәнімен келіспей, арыз беруге шешім қабылдады.