BANNER

Енді Қарағандыдан Түркістанға ұшуға болады

Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстанда Түркістанға әуе рейстерінің саны артты. Оның ішінде 13 қаңтардан бастап туристік қалаға Қарағандыдан ұшу мүмкіндігі туды. Субсидияланатын әуе рейсін Qazaq Air отандық лоукостері іске қосты.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Мақсат – әуе сапарларының қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамытуды ынталандыру.

Қарағанды – Түркістан бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет орындалатын болады:

дүйсенбі күндері:

IQ 441 Түркістан (09:50) - Қарағанды (11:40);

IQ 442 Қарағанды (12:20) – Түркістан (14: 00);

сәрсенбі сайын:

IQ 441 Түркістан (12:10) – Қарағанды (14: 00);

IQ 442 Қарағанды (14:40) – Түркістан (16:40).

Субсидияланатын авиарейстердің құны бір бағытта 20 мың теңгені құрайды.

Қарағанды облысының әкімдігі