Бүгін, 12 сәуір — қазақ ғылымының негізін қалаған көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 126 жыл. Ол — Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик, геология ғылымының дамуына зор үлес қосқан бірегей тұлға. 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауылда дүниеге келген Қаныш Сәтбаев Жезқазған кен орнын алғаш зерттеп, оның байлығын бүкіл әлемге танытты. Ол Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып, ел ғылымының дамуына үлкен серпін берді. Бүгінде оның есімі ел аумағындағы көптеген мекемелер мен көшелерге берілген.
Қаныш Сәтбаев — Қазақ ғылымының шамшырағы

ernur.kz