Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қараганды қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Халықпен кездесу 2024 жылы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-7212) 42-36-58, 42-57-09 телефоны арқылы және o.tusupbekov@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.