BANNER

Қарағанды облысында су тасқыны бойынша қазіргі ахуал қандай

Лайф09

Ағымдағы жылдың 30 наурызында  Қарағанды облысы Шет ауданы аумағында қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы 1 төтенше жағдай жарияланды. Жалпы 40 үйді су басып, Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал елді-мекендерінде 292 адам эвакуацияланды, оның 114-і балалар.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Шет ауданының Қайрақты (9 үй, 67 адам) және Ақсу (24 үй, 119 адам) ауылдарының тұрғындары үйлеріне қайтты.
Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді, толып кетудің алдын алу мақсатында су төгінділері жүргізілуде. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Интумак, Шерубай - Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты су төгетін жерден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. 
Тұрғын алаптардың су басуына жол бермеу мақсатында шамамен 19 мың 337 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде 52955 қап төселіп, 60 тонна инертті материалдар құйылды. Барлығы 812 адам және 89 бірлік ТЖД техникасы, "Орталық" РМҚК, "Астана" РМҚК, ПД, ЖАО және ұйымдар жұмылдырылды.
01.04.2024 ж. Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Қарағанды облысы Николаевка ауылы, Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтау жалпы ауданы 7000 шаршы метрде  ТЖД, ПД, ЖАО және "Қазтехинженеринг"ЖШС күштері мен құралдарының қатысуымен жүзеге асты.
Төтенше жағдайлар департаментінде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді, 87212 51-11-10.