Қарағанды облысында жылыту маусымы қорытындыланып және алдағы жылыту маусымына дайындық талқыланды

Фото: gov.kz

Қарағанды облысында барлық жеті станция қысқы маусымда тұрақты режимде жұмыс істеді. Жабдықтың жұмысында айтарлықтай ақаулар болған жоқ.

Жылыту маусымының қорытындысы және алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық туралы аппараттық кеңесте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев баяндады.

– Облыстың барлық елді мекендерінде жылыту маусымы тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысында айтарлықтай ақауларсыз өтті. 2023– 2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге арналған жөндеу науқаны кезінде облыстың жеті станциясының 45 қазандығы мен 29 турбоагрегатына жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. 43 қазандық пен 26 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілді. "ГРЭС Топар" 2 қазандығы мен 2 турбинасын жөндеу жұмыстары 2024 жылға ауыстырылды, сондай-ақ станцияда № 3 турбинаны ауыстыру жалғасуда. Өткен маусымда қысқа уақытта Шахтинск ЖЭО және Қарағанды ГРЭС-1-де параметрлері төмен жылу беру байқалды. Ол кезде сыртқы ауа температурасы қатты төмен болмаған. Қысқа мерзімде температуралық режим қалпына келтірілді, – деді Тілектес Досаев.

Жеті энергия көзінде 223 технологиялық бұзушылық орын алды. Бұл өткен жылыту маусымымен алыстырғанда 31 %-ға аз. Энергияны қадағалау әр станцияға жағдайды түзету бойынша ұсыныстар берді.

Жылыту маусымында станцияларда көмір мен мазуттың қоры жеткілікті болды. Логистика мен жанармай жеткізуде де проблемалар болған жоқ.

Ауа-райына байланысты облыстың ауылдық елді мекендерінде электр қуатының үзілуі байқалды. Апаттар белгіленген мерзімде жойылды.

Бүгінгі таңда облыс өңірлерінде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев басқармаларға әкімдермен бірге дайындық актілерін алу мерзімдерін бұзбай, әлеуметтік сала нысандарын жылыту маусымына сапалы дайындауды қамтамасыз етуді тапсырды. Мерзімі 1 қыркүйекке дейін.

– Қалалар мен аудандардың әкімдері бірінші кезекте тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен тұрғын үй қорын алдағы жылыту маусымына сапалы дайындауды қамтамасыз етуі қажет. Қазірдің өзінде барлық аудандар мен қалаларда штабтар құрылды. Жылу көздеріне, таратушы ұйымдарға және үйлердің өздеріне қатысты барлық бағдарламалар апта сайын қарастырылады. Осы ұйымдарда сатып алуды және мемлекеттік сатып алуды уақтылы ұйымдастырып, көмір қорын алдын ала құру қажет. Барлық автономды жылыту жүйелерінің жұмысын жандандыру керек. Энергетикалық қадағалау департаменті жылыту маусымында жұмыс істеуге электр желілері станцияларының жабдықтарын дайындауды науқанды ерекше бақылауға алсын. Энергетика басқармасы алдағы жылыту маусымына дайындық барысын күшейтілген бақылауда ұстасын, – деп атап өтті өңір басшысы.