BANNER

Қарағанды облысындағы тасжолда көлік қозғалысы шектелді

Видеодан скриншот

Қарағанды облысындағы тасжолда ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– 2025 жылғы 7 ақпанда сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырымы аралығындағы (Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, – делінген ақпаратта.