BANNER

Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы болып Дулат Жекебаев тағайындалды

Gov.kz

Қарағанды облысының Білім басқармасын енді Дулат Шайкенұлы Жекебаев басқарады. Жаңа жетекшіні аймақ әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Дулат Жекебаев кәсіби еңбек жолын 1997 жылы география және тарих пәндерінің мұғалімі болып бастаған. Мемлекеттік қызмет саласындағы жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Ол әр жылдары білім беру жүйесінде бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды: Осакаров ауданының білім бөлімін басқарды, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болды, Қарағанды қаласының білім бөліміне жетекшілік етті. Сонымен қатар Қарағанды облысы мен Астана қаласының Білім басқармаларында басшының орынбасары қызметін атқарған.

2019–2025 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. Бұл кезеңде ол комитет төрағасының орынбасары, министрлік аппаратының жетекшісі болды. Соңғы қызметінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

Дереккөз: Gov.kz