Қарағандыда 995 жаңа жарықшам орнатылады

Фото: gov.kz

Қарағанды көшелерінде 995 жаңа жарықшам орнату жоспарланып отыр.

Затаевич, Рахымов, Дубовская, Камск, Инженерная көшелерінде және Бұқар жырау даңғылында жұмыстар басталып кетті. 3 мамырдағы жағдай бойынша 197 тірек орнатылды.

Сондай-ақ, көше жарығы Лобода, Чапаев, Бакинская, Баженов, Охотская, Солнечная, Жилстроевская, Новогородская, Комиссаров, Планетная, Гончарная, Алалыкин, Молоков, Құрылысшылар, Жамбыл, Жанғозин, Бытовая, Инженерная, Төреқұловқа көшелерінде орнатылады. Жаңа жарық тіректері негізінен мектептер мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандардың жанында пайда болады.

Олар техникалық құжаттама жасалғаннан кейін электр қуатына қосылады.

Екі жыл аралығында қалада 2 мыңға жуық жаңа тірек орнату жоспарлануда.

Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша