1986 жылы Кливлендте (АҚШ, Огайо штаты) бірнеше шарларды аспанға ұшырудан Гиннестің Рекордтар кітабына ену мақсатында әлемдік рекорд жасалмақ болады. Оған 6 ай дайындық болып, 2500 – дай адам қатысады және 500 000$ ақша жұмсалады. Гиннестің Рекордтар кітабына енсек деп жасалған мерекелік шараның соңы қаншама шығынға ұшыратқан катастрофаға әкелуіне не себеп?
Бұл United Way қорының идеясы болған. Африкададағы үйсіз, жағдайы төмен, ашыққан адамдарға арналған қайырымдылық кешінде осы идеяны жасамақ боп жоспар құрады. Ал идеяны іске асырушы осындай шараларды жүзеге асырып жүрген Blloonfest компаниясы.1984 жылы Олимпиада ойындары кезінде, ал 1985 жылы Диснейлендтің 30 жылдығына орай 1 млн шар ұшырған.
Шарлар 27 – қыркүйек күні Кливлендте орталық алаңда ұшырылатын болып бегітілді. Үрленген шарлар аспанға ұшып кетпес үшін 3 этажды үйлердің арасына тор ілінді, тор ғарыш айлығына арналған сымнан жасалған. Көпшілік 26 – сы кешке жиналып, шарларды үруге кірісіп кетті. 27 – сі таңертең синоптиктер ауа – райы салқындайтынын хабарлады. Ұйымдастырушылар жаңбырға дейін үлгеру үшін жоспардағы 2 млн шардың орнына 1,5 млн шар үретін болды. 13 : 50 – де торды кесті.
Түрлі – түсті шарлар көкке көтеріліп, алыстай берді. Бірақ ол ұзаққа бармады. Себебі суық циклонға түсіп, шарлар жаңбырдың астында қалды. Қалыпты жағдайда шарлар биікке көтеріліп, жарылған соң бірақ төменге түседі. Ал гелий суықтан сығымдалып, жиырылып қалған шарлар қайта құлай бастады.
Шала үрілген шарлар Огайо штатындағы жолдарды, тротуарларды жауып қалды. Нәтижесінде бұл 50 шақты жол апаты оқиғасына әкелді. Ал кей шарлар жерге түспей, көкте қалқып қалды. Ол ұшақ пен тікұшақтың ұшуына бөгет жасағандықтан рейстер кейінге шегерілді.
Шарлардың құлауы адам шығынына да алып келді. Қатты желден Эри өзенінде балық аулап жүрген 2 балықшының қайығы аударылып қалады. Бетін шар жапқан өзеннен оларды табу мүмкін емес еді. Құтқарушыларға іздеу жұмыстарын жасауға шарлар бөгет болды. Бірнеше күн өткен соң олардың мүрдесі өзен жағасына шығып қалады. Қайтыс болған ер адамның әйелі United Way компаниясын сотқа беріп, 3.2 млн$ айыппұл алады.
Аталмыш компанияны сол маңда жайылып жүрген бәйгеге қатысатын қымбат жылқылардың иесі де сотқа берді. Аттар шарлардан қорқып, жарақаттар алған еді. Сол жердегі өзенді тазалауға, өзенмен ағып, Канадаға барған шарларды тазалауға бірталай шығын кетті.